22
Жұма,
Қараша

һижри

Қарилар орталығы түлектерінің кеші өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астана іргесінде орналасқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» қарилар дайындау республикалық орталығының биылғы бітіруші түлектеріне арналған «Жолың болсын, жас түлек» шарасы өтті.

Ел ішінде Қарилар мектебі аталып, асыл дінге ден қойған білімді жастар арасында биік мәртебеге ие орталықты биыл 5 бала бітіріп отыр. Түлектердің барлығы да Құранды жатқа меңгеріп, қарилық дәрежеге жеткен жастар.

Салтанатты кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, исламтанушы Қайрат Жолдыбай, белгілі ақындар Арман Бердалин, Қалқаман Сарин, т.б. қонақтар қатысты.

Наиб мүфти бітіруші түлектерді бүгінгі еңсерген белестерімен құттықтап, ізгі тілегін айтты. «Білім жолы – әлбетте, қиыншылықтармен қоршалған. Биік белестер мен арман-мақсатқа үлкен еңбекпен, қажыр-қайратпен ғана жетуге болады. Еліміздің болашағы үшін, дәстүрлі дін құндылықтарын халыққа насихаттау үшін білімді жастар қажет. Сондықтан да сіздер осы мемлекетіміздің, еліміздің мүддесінен шыға біліңіздер» деп наиб мүфти Н.Тағанұлы түлектерге арнайы сертификат табыс етті.

Кеш қонақтары да түлектерге ақ ниет айтысып, ізгі тілектерін жаудырды. Қарилар дайындау орталығының директоры Сәдуақас Олжабаев мектеп түлектерінің діни білімді одан әрі тереңірек алу мақсатында ислами жоғары оқу орындарында жалғастыруды мақсат етіп отырғанын жеткізді. «Құранды меңгеру – расында, көп еңбекті талап етеді. Біздік түлектеріміз осы білімін шыңдап, одан әрі де ілім игеру жолынан жаңылмайды. Тілеріміз – тіл-көзден аман болып, ел абыройы, асыл дініміздің дамуы үшін еңбек етуден талмай, тынбай талаптана берсе деген ниет» деді орталық директоры.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: