29
Жұма,
Наурыз

һижри

«Имани жаз-2016» курсы басталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін қала мешіттерінде астаналық жеткіншектерге арналған «Имани жаз-2016» жазғы сауат ашу курсы басталды.

Шараның ашылу салтанатына жиылған балалар мен ата-аналарға «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан курстың мән-маңызы туралы айта келе, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтауын жеткізді.

«Иман – қазақ халқында қадірлі ұғым. Тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ баласының Құран танып, діни сауатын молдадан ашқанын көреміз. Тәлім-тәрбие берудегі асыл дінімізден үйренер дүние көп. Сол себепті де, мешітіміздің бас имамы, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сіздерді осынау маңызы мол курсқа жазылып, мешітке басып келген қадамдарыңызға сәттілік тілеп, құттықтайды. Біз де өз кезегінде ата дініміз ислам құндылықтары жайында сіздерге жөн сілтеп, сабақ үйретуге әрқашан әзірміз» деді Н.Рамазан.

Игі шараға өз тілегін білдіре келген ата-аналар да мешіттен бастау алған имандылық курсына ашылуына қуанышты екендіктерін жеткізді. Айта кету керек, «Имани жаз» сауат ашу курсы мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында жыл сайын ұдайы ұйымдастырылып келеді. Балалар осы уақыт аралығында ислам діні негіздері, намаз оқып үйрену, тәжуид ережелері, сондай-ақ ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету сынды тәлім-тәрбиелік сабақтарын оқиды.


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: