30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Жаңа наиб имам тағайындалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының алғашқы жұма намазында «Нұр Астана» орталық мешітіне тағайындалған жаңа дін қызметкерін көпшілікке таныстырды.

ҚМДБ төрағасының бұйрығымен Руслан Байзақов «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.

Р.Байзақов 1989 жылы Шымкент қаласы Түлкібас ауданы Машат ауылында дүниеге келген.

Дін білімін 2009-2013 жылы Шымкент медресесінде алды. 2013-2014 Қарағанды облысы Саран қаласында наиб имам, 2014-2016 жыл Алматы қаласы Медеу ауданында «Фатима» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: