22
Жұма,
Қараша

һижри

Жамағат жарапазаны айтылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан – мұсылман қауымының қуанышпен қарсы алып, сағынышыпен шығарып салар қасиетті айы. Бұл айда адамдар бір-бірін ауызашарға шақырып, көмекке мұқтаж жандарға қарайласып, қайырымдылық жасауға ұмтылып, сауапты істерге ұйытқы болады.

Қазақ халқында оразаны сүйіншілейтін осындай ізгі үрдістің бірі – жарапазан. Бүгінде ел аумағында ежелгі дәстүр қайта жаңғырып, жер-жерлерде ұдайы аталып өтіледі.

Кеше Астана қаласындағы «Мумтаз» мейрамханасында «Нұр Астана» орталық мешітінің жамағатынан құрылған «Сұңқар» тобы ауызашар уақытында жарапазан айтты. Домбыраның қоңыр үнімен үндескен жарапазан айтқан жамағат Рамазан құндылықтарын дәріптеп, ізгілік айындағы игіліктерге үн қосып, атсалысуға шақырды.

Еске сала кетсек, жуырда Рамазан айының құрметіне «Нұр Астана» орталық мешіті республика бойынша «Қош келдің, Рамазан» атты бұқаралық жарапазан байқауын жариялаған болатын. Қазіргі күнде еліміздің әр аумағынан айтулы сайысқа түрлі мәтіндегі жарапазан туындылары келіп түсуде.


 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: