29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Бас мүфти айт намазына қатысты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін бас қаланың орталық мешітінде мүбәрак мерекенің мінәжатына жиылған халықтың санында есеп болмады. Сағат 6:00-6:30 аралығында қала мешіттерінде қасиетті Құран аяттары оқылып, Ораза айты мерекесі арналған уағыздар айтылып, айт намазының ерекшеліктері баяндалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ораза айтының қадір-қасиеті мен мән-маңызы жайында уағыз айтты. Мұнан соң айт намазы оқылды. Орталық мешіттің айт намазына арнайы келген ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жұртшылықты мүбәрак мерекемен құттықтап, батасын берді. «Аллаға сансыз мадақ, мақтаулар болсын. Біз бүгін мамыражай бейбіт заманда қасиетті Рамазанды ғибадатпен өткеріп, айт мерекесіне де жеттік. Алла Тағала бізді осы ынтымақты күнімізден, бейбіт өмірімізден айырмасын. Елдің жүгін арқалаған Елбасымызға, ел азаматтарына амандық-саулық бергей. Ораза айт баршаларыңызға мүбарак, құтты һәм берекелі болғай. Ел іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз баянды да ғұмырлы болсын» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Айт намазы Жаратқанға шүкірлік айтып, сәжде қылумен, ел-жұрттың амандығын, Отанның тыныштығын тілеп, дұға етумен аяқталды.

Айт намазынан соң «Нұр Астана» орталық мешітінде бұқараға арналған жәрмеңке өтті. Айта кетсек, бұл күнде мүбәрак айт мерекелері ұлттық сипатта аталып келеді. Бас мүфтидің бастамасымен атқарылар ауқымды шаралар легі бұқаралық реңк алып, елдің ыстық ықыласына ие болуда.

Бүгінгі айт мерекесі де осы кезекті игілікті істерге ұйытқы болды. Жұртшылық мерекелік дастарқаннан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күйде айт мейрамын бұқара болып тойлау үстінде.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: