22
Жұма,
Қараша

һижри

Дін дәрісі – білімнің бұлағы (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – бейбітшіліктің әрі білімнің діні. Бүгінгі бар ғылымның бастауы ислам өркениеті мен мұсылман ғалымдарынан тарқатылатынына әлем куә. Бұл – қазіргі күннің мұсылман жастары үшін сауапты да асыл міндет жүктейтін тарих.

Асыл шариғатымыз бен дін дәрістерін үйрету жас буынның сауатты, білімді болып қалыптасуы, сондай-ақ жаңылыс басып, жаңсақ пікір, жалаң ілімге бой ұрып кетпеуі үшін жасалар іс. «Нұр Астана» орталық мешітінде осындай игі мақсатта әлемге әйгілі Мысырдың "Әл-Әзһар" ислам университетінің түлегі, білікті теолог, исламтанушы Қабылбек Әліпбайұлы жергілікті жамағатқа арнайы дін дәрістерін өтуде. Ислам дінінің шынайы мақсат-мұраты мен ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі бағытты мұсылман қауымына жеткізу имамдар үшін маңызды міндет болса, араб тіл дәрістері арқылы Құран танитын, көкірек көзі ашық жастарды тәрбиелеу де ізгі бір бастама.

Орталық мешіттің наиб имамы Қабылбек Жұмабековтың дәрісін тыңдауға ниетті жастар қарасының айтарлықтай көп екенін күн санап курсқа келушілер көлемінен байқауға болады. Тарихымызбен тамырлас, салт-санамызға сіңген ислам діні жайында білім алуға, дін дәрістерін тыңдауға құлшыныс білдірген барша халықты осы сабаққа қатысуға шақырамыз. Дәріс аптаның әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүргізіледі.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: