03
Жұма,
Мамыр

һижри

«Нұрлы мінбер-2016» байқауы өтеді

Мешіт тынысы
Жарнама

Имам бейнесі бүгінгі қоғам ортасында қалыптасып үлгерді. Әлеуметтік түрлі мәндегі іс-шаралар мен еліміздің сан алуан мәдени-рухани кештері мен теле-радио, басылым редакцияларындағы алқалы мәжіліс, басқосуларында дін өкілдерінің өзіндік орны айқындалып, пәтуалы сөзі мен дәрежесі айшықтала бастады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті имам-молдалардың білім-парасаты мен ой-өресін жұртшылық алдында жария түрде бағамдау мақсатында «Нұрлы мінбер» байқауын қолға алды. Былтыр алғаш рет өткен жоба биыл да жалғасын таппақ.

Асыл дініміздің құндылықтарын насихаттауға бағытталған байқауда имамдардың бұқара алдындағы беделі, бәсекеге қабілетті дін мамандары корпусының әзірлігі, олардың эстетикалық әрі салалық білім дәрежесі көрсетіледі.

Байқауға елорданың сегіз мешітінің («Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани», «Әлжан Ана», «Әл-Ғани», «Кунта қажы», «Төлебай», «Әс-Сәлам») имамдары қатысады.

Имамдар байқауы екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушы имам «Арақ – атадан қалған ас емес» тақырыбында жұма уағызын жүргізіп, оның өңделген бейненұсқасын ұсынады. Бейнежазбалар порталымызда көрермен назарына дауысқа салынады. Сонымен қатар, әділ-қазылар алқасына өздерінің жеке портфолиосын (жеке іс-парағы, алғыс хаттары, жетістіктері, жазған кітаптары т.б.) және 2016 жылы ҚМДБ-ның төрт бағыты аясында атқарған жұмыстарының есептік-суреттерін слайд-шоумен (PowerPoint бағдарламасымен әзірленіп, 15 беттен аспауы тиіс) ұсынып, ауызша баяндайды.

Ал екінші Негізгі кезеңде имамдар «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Полиглот»,  «Жеті жарғы», «Имам мінбері»,  «Пікір-сайыс» айналымдарында білім жарыстырады. Байқауда биіктен көрінген имам  Умра-қажылығы сертификатымен, «НҰРЛЫ МІНБЕР-2016» кубогы, арнайы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, басқа да белсенді қатысушыларға арнайы сый-сияпат жасалады.

Сайыс туралы толығырақ мәліметтерді (7172) 44-58-48, 8-701-236-45-45 нөмірлері немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы арқылы алуға болады.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: