22
Жұма,
Қараша

һижри

Елорда имамдары Тәуелсіздіктің 25 жылдық медалімен марапатталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Биыл – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі кезеңі. Республика көлемінде қоғамның әртүрлі – білім мен ғылым, саясат және мәдениет салаларында еңбегі сіңген азаматтар мемлекеттік марапатқа ие болды.

Бұл марапаттан ел руханиятының жауапты жүгін арқалаған дін саласы қызметкерлері де тыс қалмады. Астана қаласы әкімдігі Дін істер жөніндегі басқармасында елордалық дін қайраткерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Дін істері басқармасының басшысы Данияр Есен дәстүрлі дін өкілдерін тәуелсіздігіміздің торқалы тойымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Елорда руханиятының нығайып, дамуына атсалысқан дін қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген осынау сый-құрметке «Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхан, «Төлебай мешітінің» бас имамы Асхат Салимов, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбитов,  «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов және «Ғылмани» мешітінің наиб имамдары Мамлүк Мұсаев пен Әділ Ағытаев ие болды. Дін өкілдері өз кезегінде арайлы Астанамыздың абыройы мен еліміздің биік дәрежеге жетуі жолындағы қызметтерін қалтқысыз атқара беретіндіктерін жеткізді.

IMG 8990

IMG 8995

IMG 9001

IMG 9007

IMG 9008

IMG 9011

IMG 9016

IMG 9021

IMG 9025

IMG 9060

Mer2

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: