22
Жұма,
Қараша

һижри

Мешіттен мейірім сезінді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Мұсылман қауымы қадір тұтатын құлшылық ордасы – мешіттердің бұл күндері халықтың рухани әлеуетін көтеруімен қатар, материалдық тұрғыдан да қолдау білдіруімен маңызы артып келеді.

Әлбетте, бұл мешітке жанашырлық танытқан жүрегі жұмсақ, қолы ашық кәсіпкер азаматтардың атсалысуымен, қала әкімдігінің бірлескен бастамаларымен, сондай-ақ әртүрлі игі жобалардың арқасында жүзеге асады.

«Нұр Астана» орталық мешітінде бірнеше жыл қатарынан «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы жемісті атқарылып келеді. Бүгін орталық мешітте аталмыш акция аясында қаладағы тұрмыс ахуалы төмен, көпбалалы 20 отбасыға көмек көрсетілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы шараға қатысып, әр отбасыға ізгі тілек-ниетін айтып, азық-түлік пакеттерін үлестірді.

Мешіттен мейірім, имани жылу сезінген қамкөңіл жандар өз кезегінде осындай маңызды да сауапты істерді ұдайы өткізіп отыратын бас имам бастаған дін қызметкерлеріне риясыз алғыстарын айтты.

IMG 5828

IMG 5831

IMG 5833

IMG 5862

IMG 5867

IMG 5873

IMG 5878

IMG 5881

IMG 5918

IMG 5939

 

 

 

 

Бөлісу: