22
Жұма,
Қараша

һижри

Астана имамдары Елбасы жолдауына үн қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астана имамдарының еліміздің маңызды кезеңінде жасалған Елбасы Жолдауына арналған жиыны өтті.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауы еліміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған сан саланы қамтыды. Республиканың саяси-экономикалық дамуы, білім-ғылымға ден қою, заманауи технология жетістіктерін жете меңгеру, мәдениет-руханият саласындағы межелі міндеттер жайы осы Жолдауда кеңінен көрініс тапты.

Жиынды ашқан наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осынау Жолдау жүктеген міндеттер жайында қала имамдарына түсіндіре келе, ел руханиятын көтеріп, халықтар мәдениеті мен рухани тұтастығын сақтауда баса назар аударуды қажет ететін жайттарды баяндады.

Елорда іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде өткен мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, Жолдауда қамтылған маңызды мәселелер мен міндеттерге тоқталды.

 «Мемлекетіміздің болашаққа жасаған бағдарлы жоспарын жүзеге асыру үшін Елбасымыз үлкен міндеттерді алдымызға қойды. Ұлтжанды ұрпақ өсіру, саналы жастарды білім-ғылымға құлшындыру қашанда маңызды. Бұл ретте жастар санасына кері әсерін тигізетін жат мәдениеттерге тоқсауыл қойып, діни теріс ағымдарға тұсау салу керектігін баса айтты. Қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі жат ағымның үгіт-насихатына жол бермеуіміз керек. Халқымыздың бірлігіне сына қағып, бүлікке әкелетін ағымдарға қарсы күрестің қарқыны артуы тиіс» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы жан-жақты талқыланған жиын барысында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Мәңгілік елдің мұраты асыл", "С.Ғылмани" мешітінің бас имамы Жұманазар Садырханов "Басты бағдарымыз – бірлік", "Астана" медресесі директорының орынбасары Қанат Оңғарбаев "Сапалы білім беру – адами капиталды қалыптастыру негізі" тақырыптарында баяндама жасады. Діни саланы одан әрі жандандырып, руханиятты нығайтуға қатысты қала имамдары өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ал «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан 2017 жылы атқарылатын діни іс-шара, рәсімдердің жұмыс жоспарын таныстырды.

Жиын соңында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы Жолдауына дін қызметкерлерінің бірауыздан қолдау білдіретінін, мемлекетімізді дамыту жолында еңбек ету басты міндет болып қала беретінін жеткізді.

IMG 9199

IMG 9215

IMG 9205

IMG 9220

IMG 9224

IMG 9232

IMG 9234

IMG 9239

IMG 9243

IMG 9260

IMG 9284

IMG 9285

IMG 9301

IMG 9303

IMG 9334

IMG 9337

IMG 9340

IMG 9442

IMG 9469

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: