23
Сенбі,
Қараша

һижри

Ақыретке иман – мұсылманның міндеті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Иман – мұсылман баласының өмірлік өлшемі, көңіл айнасы. Ислам дініндегі иман келтіру – Алла Тағалаға иман, Алланың періштелеріне иман, Алланың кітаптарына иман, Алланың пайғамбарларына иман, ақырет күніне иман, тағдырға, яғни жақсылық пен  жамандықтың, барлық нәрсенің Алланың білуі, қалауы және жаратуы арқылы жүзеге асып жатқанына иман келтіру болып алты тарауға бөлінеді.

«Әлжан ана» мешітіндегі кезекті жұма уағызында Қазақтан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы осы иман негіздерінің маңызды шартының бірі – Қиямет күніне иман келтіру жайында уағыз айтты. Мән-мағынасы тереңде жатқан тақырып төңірегінде наиб мүфти кеңінен баяндап, мұсылман қауымына аса қажетті мәліметтерді жеткізді. Қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар өсиеттеріндегі ақырет күні турасындағы әрбір мұсылман баласы білуі тиісті талап-шарттарды түсіндірді. «Құдайсыз қурай сынбайды» деген кәміл сенімде болған қазақ жұртының тарихындағы бұлжымас нанымдардың да осы асыл шариғатымызбен астасып, болмысымен біте қайнасып, қалыптасқанын атап өтті.

Осындай әсерлі уағыздан соң Алла Тағаладан ел-жұрттың амандық-есендігін тілеп, дұға жасалды. Көнекөз қария жиылған жамағатқа батасын берді.

Akire1

Akire2

Akire4

Akire5

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: