29
Жұма,
Наурыз

һижри

Елбасы марапатына ие болды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақ елі ұлттар мен ұлыстардың, халықтың қара шаңырағына айналған мемлекет. Таяуда ғана Елорда төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы өтіп, онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін нығайтуда үлкен маңызға ие ассамблеяның жиырма жылдық мерейтойымен барша қазақстандықтарды құттықтап, жүрекжарды тілегін де білдірген еді.

«Мәңгілік Ел: Бір ел – бір тағдыр» атауымен өткен алқалы басқосуда ел басшысы «Айтулы жыл Ассамблеяның мерейін асыру арқылы ел бірлігін нығайта түседі. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз» деп, барша қазақстандықтарға, ассамблея мүшелеріне ыстық ықыласы мен алғысын айтты. Жиырма жылдық мерейтойға орай Ассамблеяның беделді мүшелеріне Мемлекет басшысы атынан арнайы мерекелік марапаттар тағайындалып, табысталды.

Міне, осы ассамблея аясында Елбасы марапатына ие болған ізгі жандардың қатарында Елордамыздың «Кунта қажы» мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмаилов та бар.

Яхия қажы Исмаилов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Яхия қажы 1988-2003 жж. Жезқазған облысының, 2003-2011 жж. Солтүстiк Қазақстан облысының өкіл имам қызметтерін абыроймен атқарған. Қазақстан халқы ассамблеясының беделді өкілі Яхия қажы қазіргі уақытта Астана қаласындағы «Кунта қажы» мешітінде бас имамы болып қызмет қылуда.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: