29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ұлыс күні ізгілік ұлықталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Алты алаштың айрықша мейрамы әз-Наурыз мерекесіне орай Астанада бірқатар бұқаралық шаралар өтті. Елорда руханиятының ошағына айналған мұнаралы мешіттер дәстүрлі мерекелік жәрмеңкелерін ұйымдастырды.

 

Бас қаланың «Нұр Астана» орталық мешіті осынау мерейлі мейрамның құрметіне «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Мешітке келген жұртшылық әз-Наурыз дастарханынан дәм татып, жылы жүздесіп, шығыс дәстүрімен табиғаттың түлеп, жаңарған сәтінде қуанышпен қауышты.

Тамыры тарих тереңінен тартатын мерекеге арналған шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері қатысты. Өкіл имам қайырымдылық мақсатында ұдайы өткізіліп отырған жәрмеңкеге арнайы келіп, бұқараның қуанышын бөлісті.

Мұнан кейін салт-дәстүрімізді жаңғыртқан ақшаңқан қазақ үйде астаналықтарға ақ дастархан жайылып, баршасы Наурыз көжеден дәм татты.

Ұлтық мұраға айналған Ұлыс күні қазақ халқы үшін Тәуелсіздік ұғымымен қатар келуімен айрықша маңызды. Наиб мүфти жұртшылықты бес мың жылдық тарихы бар мерекемен құттықтады. «Күн мен түннің теңеліп, жер әлемнің жасарып, жаңаратын күні баршамыз Жаратқаннан тек жақсылықтарға үміт етеміз. Бұл көктемнің мерекесі ғана емес, ізгілік пен жақсылықтың нышаны, береке-бірліктің бастауы. Ұлыстың ұлы күні ертеде адамдар азды-көпті өкпе-реніштерін ұмытып, татуласып, табысқан. Мол дастархан жайып, жарқын көңілмен жүздескен. Міне, осы игі дәстүр бүгінгі таңда өзінің тарихи жалғастығын тауып келеді. Бұл да біздің тәуелсіздігіміздің үлкен сыйы, Алла тағаланың шексіз нығметі. Баршаларыңыздың шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-ынтымақ тілеймін! Ұлыс оң болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мешіт алаңындағы мереке көрігін ұлттық спорттық сайыстары қыздыра түсті. Жамағат арасында өткен арқан тартыс, кір тасын көтеру, асық ату тәрізді жарыста жеңімпаз атанғандарға мешіт тарапынан арнайы диплом мен сый-сияпаттар жасалды. Ал «Мейірімділік мекені» қайырымдылық шарасы жәрмеңкесінде халыққа ұсынылған  ұлттық ас-тағам түрлері мен діни заттардан түскен қаражат толығымен қайырымдылық шараларына жолданады.

Aitt1

Aitt2

Aitt4

Aitt5

Aitt6

Aitt7

Aitt8

Aitt9

Aitt20

Aitt10

Aitt11

Aitt12

Aitt13

Aitt14

Aitt15

Aitt16

Aitt17

Aitt18

Aitt19

Aitt21

Aitt22

Aitt23

Aitt24

Aitt25

Aitt26

Aitt27

Aitt28

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: