28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Қала тазалығына үлес қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Астана – таза қала» жалпықалалық сенбілік шарасына астаналық дін қызметкерлері де өз үлестерін қосты. «Нұр Астана» орталық мешіті мен «Астана» медресесі ұжымы Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесі қиылысындағы аумақты тазалады.

Бас қала тазалығына «Нұр Астана» орталық мешітінің ұжымы, медресе ұстаздары мен шәкірттері қатысып, игілікті іске жұмыла кірісті. Сенбілік шарасында дін қызметкерлері белсенді жұмыс көрсете білді. Нәтижелі жұмыс барысында көше бойы мен мешіт маңындағы жерлер қоқыстардан тазартылып, арнайы техникалар көмегімен қала сыртындағы полигондарға шығарылды.

Ислам – тазалыққа құрылған дін. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі саналады. Бүгінгі өткен шара осыны айғақтайды.

IMG 0349

IMG 0377

IMG 0380

IMG 0461

IMG 0464

IMG 0489

IMG 0490

IMG 0580

IMG 0583

IMG 0588

IMG 0725

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: