23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Астана асары» Атбасарға аттанды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Апат айтып келмейді. Бүгінде республиканың бірқатар өңірлерінде су тасқынынан аймақ тұрғындары зардап шегіп отыр. Осыған байланысты мемлекет деңгейінде көмек көрсету мәселесі көтерілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да табиғат апатынан қиындыққа ұшыраған отбасыларға гуманитарлық көмек жіберу ісін қолға алды. Бүгін бас мүфти тапсырмасы аясында «Нұр Астана» орталық мешітінен Ақмола облысы Атбасар ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға "Қайырымдылық керуені" аясында "Астана асары" жөнелтілді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш шараның маңызды екенін айтты. «Еліміздің кей өңірлерінде өзен сулары тасып, салдарынан халық зардап шекті. Бұл – барша қазақ халқының қабырғасына батады. Осындай қиындық кезде қолдап, көп болып көтеріп, демеу көрсету мұсылмандық міндетіміз әрі қазақы салтымыз. Көршісі аш отырып, түтін түтетпеген халықпыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Біз барша астаналықтарды, мешіт жамағатын осы сауапты іске жұмылдырдық. Нәтижесінде, 4 тонна азық-түлік, 1 тонна киім-кешек және 1 миллион теңге шамасында қаржылай жиылды. Алла Тағала ел мен жердің амандығын, тыныштығын нәсіп еткей. Отандастарымызды сабырға шақырамыз, қолдан келген көмекті аянбаймыз. Алла жар болғай» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы.

IMG 8492

IMG 8507

IMG 1366

IMG 1419

IMG 1425

IMG 1306

IMG 8513

IMG 8516

IMG 8520

IMG 8522

 

IMG 8527

IMG 8536

IMG 8542

IMG 8544

IMG 8563

IMG 8577

IMG 8578

IMG 8583

IMG 8584

IMG 8601

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: