27
Сенбі,
Сәуір

һижри

ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрметті астаналық қарилар! 2015 жылдың 28-29 мамыр күндері Алматы қаласында кезекті VI республикалық Құран Кәрім жарысының туы желбіремек. Осы республикалық жарысқа астаналық қарилар арасында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен іріктеу байқауы өтеді.

Сол себепті, Құран Кәрімді жаттаған астаналық қарилар мен медресе шәкірттерін «Әлжан ана» мешітінде 2015 жылдың 24 мамыр күні сағат: 10.00-де өтетін іріктеу жарысына қатысуға шақырамыз! Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіліп, республикалық Құран жарысына жолдама беріледі.

 

VI Республикалық Құран Кәрім жарысына Астана қаласынан іріктеу байқауы төмендегі 4 бағыт бойынша өтіледі:

 

1. 30 пара (Құранды толық жатқа оқу);

2. 5 пара (Құранның 3/0,5 жатқа оқу);

3. 1 пара (Құранның соңғы 30-шы парасын жатқа оқу);

5. Құранды көркем оқу (тәжуид қағидаларын сақтап, Құранды мәнерлеп оқу).

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

1. Қатысушы Қазақстан азаматы болуы;

2. Астанадағы іріктеу жарысына қатысушы үшін Астана қаласының

    тұрғыны болуы;

3. Қатысушыға тек бір деңгейден ғана қатысуына рұқсат;

4. Қатысушы таңдаған деңгейін өзгертуге құқығы жоқ;

5. Қатысушы жарысқа келген соң байқауға қатысуға міндетті;

6. Байқауға 30 жасқа дейiнгі қарилар қатыса алады.

 

Барша елорда мұсылмандарын «Әлжан ана» мешітінде өтетін Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысын тамашалауға шақырамыз!

Үміткерлердің алдын-ала төменде көрсетілген мекен-жайға хабарласып, тіркелулерін сұраймыз.

Мекен-жайымыз: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 109. (Астана әуежайы тас жолының бойында). Тел: 8 (7172) 44 58 48. 87017057547. e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

 

 

Ұйымдастыру алқасы

Бөлісу: