23
Сенбі,
Қараша

һижри

Астана: Бас мүфти жүлдесі үшін IV Республикалық қазақша күрестің іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кешенінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен IV Республикалық турниріне іріктеу сайысы өтті.

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен спорт додасына қала мешіттерінің жамағатынан іріктелген бес палуан қатысты. Турнир талаптарына сәйкес жарыста 18 жастан асқан, салмағы 74 кг-нан жоғары, кәсіпқой спорт саласынан тыс әуесқой палуандар күш сынасты.

Іріктеу сайысының ашылу салтанатында ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы шараның маңызы мен мақсаты жайында айтып өтті. «Құрметті бауырлар, салауатты өмір салты адамзат қоғамы үшін қашанда үлкен маңызға ие. Мемлекет тарапынан бұл салаға көп көңіл бөлініп келеді. Ұлт саулығы кемел келешегіміздің кепілі. Дініміз, әлбетте, денсаулықты шыңдап, күш-қуатты болуды құптайды. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Ал пайғамбар хадисінде қуатты мұсылманның әлсіз мұсылманнан қайырлы екені, дегенмен екеуінде де қайыр бары айтылған. Сондай-ақ, атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру шариғатымызда құп көрілген. Күрес халқымызда ежелден қалыптасқан спорт. Ұлттық өнерімізді өрлетіп, жеңіске жетелей берулеріңізге тілектеспін» деп наиб мүфти Н.Тағанұлы қатысушыларға сәттілік тіледі. Турнирге қатысқан Астана қаласы әкімдігі Дін істері басқарма басшысы Данияр Есин спорттың қоғамдағы маңызы жайында айтып, жастарды салауатты өмір салтына баулу қажеттігін жеткізді.

Бас төреші Естек Ерлан спорт сайысының тәртібі мен ережелерін түсіндірді. Айта кетсек, бүгінгі шараға Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан барысының қола жүлдегері Ғани Сейділдаев та қатысып, жарыс барысын тамашалады.

Білекті палуандар арасында өткен аламан сайыс нәтижесі төмендегідей болды. Қазылардың орта ұйғарымымен үшінші орынға «Әс-Сәлам» мешітінің палуаны Теңелбай Абдуллаев ие болып, 20 мың теңге қаржылай сыйлық пен диплом берілді. 2 орынды «Ғылмани» мешітінің палуаны Аманжол Төле иеленіп, 30 мың теңге сыйақы ұсынылды. Ал бірінші орынға «Әс-Сәлам» мешітінің палуаны Нариман Адамбек лайық деп танылып, 50 мың теңге сыйақы мен диплом берілді. Сонымен қатар, турнирде ерекше өнер көрсеткен басқа да палуандарға сертификаттар мен сый-сияпаттар табысталды.

Қос палуан баптап шығарып, республикалық жарысқа жолдама алған «Әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбсаттарұлы ұлттық спорттың мешіт жамағаты үшін үлкен орны бар екенін жеткізді. Бас имам жергілікті жамағат, жастар арасында салауатты өмір салтына деген құлшыныс артып келе жатқанын, сондай-ақ Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестің жалғасын табуы жастарға дем беретінін атап өтті.

IMG 0019

IMG 0024

IMG 9962

IMG 0060

IMG 0085

IMG 9946

IMG 0087

IMG 9851

IMG 0115

IMG 0187

IMG 0217

IMG 0221

IMG 9902

IMG 0277

IMG 0326

IMG 9417

IMG 0367

IMG 0392

IMG 0428

IMG 0447

IMG 0461

IMG 9335

  2e6ae206 ccaa 4b73 b766 b8166f6a87fa  

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: