23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Ислам жанұясы» атты сайыс өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Ислам жанұясы» атты кітабы бойынша сайыс өтті.

«Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен өткен шараға мешіттің әйелдер жамағатынан құралған шәкірттер қатысты. Қатысушылардың білім деңгейіне ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімі әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Эльмира Бұхарбаева, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Әлия Аусағатова  баға беріп, қазылық етті.

Сайыста ислам дініндегі әйел затының орны, жауапкершілігі, отбасылық міндеттері, ата-ананы құрметтеуі, т.б. тақырыптар қамтылды. Аталған тақырыптар бойынша қатысушылар арасынан қазылар алқасы бас жүлдені Жанна Жанатбекқызына лайып деп танып, 30 000 теңге сыйақы мен арнайы диплом табыстады. 1 орын Қарлығаш Аманға (25 000 теңге сыйақы), 2 орынға Бекзада Алымоваға (20 000 теңге сыйақы), үшінші орын Ғайни Омароваға (15 000 теңге сыйақы) берілді. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан Гүлжайнар Кереева, Кәусар Шейхыслам, Ұлмекен Ырысбекқызы, Гүлнәз Умароваларға 5 мың теңгеден ынталандыру сыйлақтары тарту етілді.

IMG 9596

IMG 9576

IMG 9580

IMG 9581

IMG 9587

IMG 9589

IMG 9609

IMG 9615

IMG 9617

IMG 9619

IMG 9620

IMG 9635

IMG 9646

IMG 9654

IMG 9657

IMG 9659

IMG 9660

IMG 9662

IMG 9664

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: