23
Сенбі,
Қараша

һижри

Астаналық палуандар республикалық турнирге аттанды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен IV Республикалық турниріне Астана қаласындағы іріктеу сайысынан өткен палуандарды шығарып салу шарасы өтті.

ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы елордалық палуандармен кездесіп, сұхбат құрды. Наиб мүфти өз сөзінде денсаулықты шыңдаудың ер азамат үшін маңыздылығын әрі мұсылман баласының қуатты болуы шариғатта аса құпталар сипат екенін атап өтті. «Бабаларымыздың ат құлағында ойнап, көкпар тартысып, бәйгеге шапқаны, ақ білектің күшімен, қара найза ұшымен ел мен жерді қорғап, халықтың қорғаны болғаны тарихтан мәлім. Бүгінгі ұрпақ та қайратты һәм қуатты болуы аса қажет. Қасиетті Құран Кәрімде «қуат» сөзі жиі кездеседі. Асыл шариғатымызда ер азаматқа тән атқа міну, күрес, садақ тарту сынды спорт түрлеріне орын берілген. Ал күрес халқымызда көнеден келе жатқан ұлттық спорт. Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін республикалық додада Астананың абыройын асқақтатып, жеңіспен келулеріңізге тілектеспін» деп наиб мүфти палуандарға батасын берді.

Айта кетсек, Астанада өткен іріктеу сайысында жүлделі болған Теңелбай Абдуллаев, Аманжол Төле, Нариман Адамбек, Ербол Тапеновтер енді Алматыда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүлдесі үшін қазақша күрестен IV Республикалық турнирінде өнер көрсетеді. Астаналық палуандарды «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Руслан Байзақов бастап бармақ.

Baluandar1

Baluandar8

Baluandar2

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: