06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Белгілі теолог медресе шәкірттерімен кездесті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Рамазан айында Елордаға арнайы ат басын бұрған исламтанушы Арман Қуанышбаев «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесу өткізді.

Белгілі теолог кешкі ауызашар уақытында медресе шәкірттерімен жүздесіп, сұхбат құрды. Пайғамбар (с.ғ.с.) тағылымын өмірлік өнеге еткен жастарға ғибратты уағыз айтып, дін ілімін игеруде қажет етілетін талап-шарттарды тарқатып берді. Асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелер міндет пен абыройдың да салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет қылуға үндеді.

Медресе шәкірттері өз кезегінде ұлағатты ұстаздан алған ақыл-кеңесті білім жолында басшылыққа алатындарын айтып, алғыстарын жеткізді.

Armanastana2

Armanastana3

Armanastana4

Armanastana5

Armanastana6

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: