23
Сенбі,
Қараша

һижри

«Имани жаздың» үздік шәкірттері марапатталды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Имани жаз» сауат ашу курстары аясында бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Кел, балалар, оқылық!» атты білім сайысы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің қолдауымен іске асатын бұл жоба өскелең ұрпақтың діни білімін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды насихаттауды көздейді. Сайысқа Астана қаласы бойынша барлығы сегіз мешіттен, атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан», «Ғылмани», «Әлжан ана», «Төлебай», «Әс-Сәлам», «Кунта қажы», «Әл-Ғани» және «Нұр Астана» мешіттерінен ең үздік  шәкірттері қатысты. Байқау «Сәлемдесу», «Құран оқу мен тәжуид», «Жігітке жеті өнер де аз», «Дода» және «Мәре» айналымдары арқылы оқушылардың білімін ортаға салды.

Сауат ашу курстарында асыл дініміз бен салт-дәстүріміз насихатталып, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен Дәстүр» кітабын пән ретінде оқыту іске асырылған болатын. Бүгінгі байқаудың сұрақтары аталмыш «Дін мен Дәстүр» кітабынан құрастырылды. Қатысушылар байқаудың барлық бөлімінде белсенділік танытып, жүзден жүйріктері марапатталды. Жүлделі үшінші орын «Әс-Салам» мешітінің жас  шәкірті Сұлтан Байпақов, екінші орын «Әзірет Сұлтан» мешітінен келген Абдуррахман Қоянбекке бұйырды. Ал бас жүлдені «Нұр Астана» мешітінің атынан шыққан Аман Мұхтарбекұлы қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Сондай-ақ, ummet.kz порталында онлайн жарияланып, «Менің көрікті мешітім» сурет байқауы ұмымдастырылған болатын. Нәтижесінде үздік он сурет іріктеліп, көпшілік назарына ұсынылды. Үздік деп танылған суреттер таныстырылып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Ұлттық ойындар жарысы», атап айтқанда асық ату, шекемтас (бес асық), тоғызқұмалақ, шахмат-шашки және «Менің көрікті мешітім» атты сурет салу байқауы да ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «Тағылым тамшылары» балалардың діни-рухани театр студиясының өнерпаздары ақын Алмас Темірбайдың «Уақыт қадірі» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Айта кетейік, биыл 29 мамырда басталған қала мешіттеріндегі сауат ашу курстары 19 маусымға дейін жалғасады.  Онда бас-аяғы 1160 бала білім алуда. Соның ішінде 465 шәкірт «Нұр Астана» орталық мешітінде тәлім алды. Курс барысында мешіт ұстаздары жас шәкірттерге иман негіздері, бес парыз, көркем мінез-құлық, Алланың көркем есімдері жайлы тәлім-тәрбие берді. Сондай-ақ, ҚМДБ тұғырнамасы да қамтылды. Еске сала кетейік, бұл курс ҚМДБ «Діни білім және кадр дайындау» бөлімінің тапсырмасымен «ҚМДБ 2020 жылға дейінгі діни білімді дамыту тұжырымдамасының» 5-бөлімінің аясында атқарылды.

Жалпы курс бағдарламасы Құран-Кәрім әліппесі, негізгі діни мағлұматтар, имандылық сағаттары мен «дін мен салт-санамызды ұштастыратын» тәрбиелік сұхбаттардан құралды.

IMG 1328

IMG 1398

IMG 1405

IMG 1411

IMG 1423

IMG 1427

IMG 1448

IMG 1455

IMG 1460

IMG 1468

IMG 1482

IMG 1496

IMG 1508

IMG 1540

IMG 1550

IMG 1578

IMG 1676

IMG 1713

IMG 1697

IMG 1707

ummet.kz

Бөлісу: