06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

«Әлжан ана»: жазғы курс тәмамдалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әлжан ана» мешіті «Имани жаз-2017» жазғы сауат ашу курсын қорытындылады.

Айтулы жазғы курс аясында жиырма күн бойы мектеп жасындағы 60 ұл-қыздарға имани тәрбие берілді. Курс барысында тәжуид ережелерін үйреніп, Құран оқып меңгерумен қатар, жас шәкірттерге жақсы мінез-құлық тәрбиесі беріліп, ата-баба дәстүрі мен ұлттық құндылықтар дәріптелді.

Жазғы сауат ашу курсының қорытынды шарасында «Әлжан Ана» мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлы шәкірттер мен олардың ата-аналары алдында сөз сөйлеп, дін құндылықтары тақырыбында өсиет айтты. Бас имам шәкірттерге дәріс алғанын растайтын сертификат, ал сабақ берген ұстаздарға алғыс xат табыстады. Ал ата-аналар атынан алпыс жасқа таяған ақсақал жас балғындарға ақ батасын берді.

Aljanana1

Aljanana2

Aljanana3

Aljanana4

Aljanana5

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: