30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

«Төлебай» мешіті: Қадыр түні қарсаңындағы қайырымдылық

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Астана қаласындағы «Төлебай» мешітінде бас имам Асхат Салимовтың ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан» акциясы аясында Қадыр түніне арналған қайырымдылық шарасы өтті.

Қасиетті түннің құрметіне «Төлебай» мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды. Бас имам Асхат Салимов жиылған жамағатты Қадыр түнімен құттықтап, бұл түні көбірек құлшылық-ғибадат жасап, Алла Тағаладан дұға тілеу керектігін жеткізді.

Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадыр сүресінде» айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл (ғ.с) періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады.

IMG 20170621 WA0041

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: