30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Биылғы Рамазандағы соңғы тарауық оқылды

Мешіт тынысы
Жарнама

Сансыз сауапқа есік ашқан Рамазан айының өзіне тән құлшылық-ғибадаттарының бірі – жиырма ракағаттан тұратын тарауық намазы.

 Тарауық намазы – Рамазан айының қасиетiн арттырып, жан-дүниемiздi күнәдан тазартады. Қаншама жүрек осы құлшылықты атқарумен нұрлана түседi. Жыл сайын сағындырып келетін Рамазан айында ауыз ашып болған соң, Алла Тағаланың тарту еткен нығметіне шүкiршiлiк жасап, тарауық намазын оқып, рухани көркейіміз.

Міне, бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде биылғы Рамазан айындағы соңғы тарауық намазы оқылды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке келген ізгі ниетті жамағатқа уағыз насихат айтып, Алладан келесі жылдың Рамазан айына дейін аман-есен жетуімізді тіледі. Сондай-ақ, бас имам Ораза айт мерекесі туралы кеңірек тоқталды. Бір айлық құлшылықтың жемісі іспетті ұлық мерекені Айт намазын оқудан бастауға шақырды. Айт намазы «Нұр Астана» орталық мешітінде 25 маусым күні сағат 07:00-де оқылатынын хабарлады. Алланың қадір тұтқан қасиетті белгілері мен күндерін құрметтеу – жүректегі тақуалықтың белгісі екенін еске салып, айт күндері орындалатын мұстахаб амалдар туралы айтып өтті.

IMG 3338

IMG 3346

IMG 3361

IMG 3365

IMG 3370

IMG 3392

IMG 3398

ummet.kz

Бөлісу: