26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» орталық мешітінің ресми порталы – www.ummet.kz жаңа форматта!

Мешіт тынысы
Жарнама

Ассалаумағалайкүм, құрметті оқырмандар! «Нұр Астана» орталық мешітінің ресми порталы – www.ummet.kz жаңа дизайнға көшкенін хабарлаймыз!


«Мақалалар» бөлімінде: «ақида», «ғибратнама», «бір аят тәпсірі», «дәстүр даналығы», «дін және ғылым», «исламдағы отбасы», «ұлы тұлғалар», «күдікпен күрес» және «сұхбат» айдарлары топтастырылған. Сонымен бірге, «Ислам тарихы» мен «Бес парыз» бөлімдері жалғасын табады.
Алдағы уақытта біз сіздерді журналистер мен танымал діни тұлғалардың блог жазбаларымен қуантатын боламыз.
Байқағандарыңыздай, сайтымыздың бас жағында намаз кестесі мен әр аптаның соңғы жарияланымдар тізімін көре аласыздар.
Сондай-ақ, сайт қолданушыларына арнап «Оқу режимі» іске қосылды. Енді өздеріңізге ыңғайлы шрифт түрі мен көлемін таңдап, жазбаларды үлкейтіп оқуға мүмкіндік бар. Сайтымыздың мобильдік нұсқасы толықтырылғандықтан смартфон мен планшеттерден сайт жазбаларын оқу оңтайландырды.
Жамағатты құлақтандыру мақсатында қала мешіттерінде өтетін іс-шаралар аңдатпасы жарияланады.
Е-mail таралымға жазылсаңыз, бір апта бойы жаңадан қосылған ислам жаңалықтары мен діни танымдық мақалалар поштаңызға жіберіліп тұрады.
Үмметпен бірге болайық!

Бөлісу: