29
Жұма,
Наурыз

һижри

Астаналық қажыларды қасиетті сапарға дайындау сабақтары басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

Санаулы күннен кейін еліміздің мұсылмандары қажылық сапарына аттанады. Қасиетті мекендегі парызын өтеуші қазақстандықтар саны биыл 2500-ге жетіп отыр. Оларды қажылық сапарына дайындау мақсатында ҚМДБ арнайы курстар өткізуді қолға алған. Соған сәйкес ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен бүгін «Әлжан ана» мешітінің медресе ғимаратында қажылыққа дайындық дәрістері басталды. Қажылық сапарында құлшылық өтейтін астаналықтар үшін бұл сабақтар 18 тамызға дейін өтеді.

Астана қаласының қажыларына арналған дайындық курстарының алғашқы екі сабағын «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай мен «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов жүргізді. Арабша «хадж» сөзінің тілдік мағынасы мен исламдағы орнын түсіндіруден басталған дәріс аясында қажылықтың Адам ата мен Хауа анадан бері бүгінге дейінгі тарихы қамтылды. Имамдар жиналғандарға Джидда қаласынан түскеннен бастап қажылықтың соңына дейін қандай рәсімдер орындалатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Олардың айтуынша, қажыларға алдағы уақытта қасиетті сапарда оқылатын дұға кітаптары таратылатын болады. Қажылық парыздары, әсіресе Тамматуғ қажылығы жайында кеңірек айтылды. Сондай-ақ, ихрам кезіндегі тыйымдар да сөз болды.

kkurs (5)

kkurs (4)kkurs (7)Шараның ашылу салтанатында «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов жиналған көпшілікке ақ жол, дұға-тілектердің, құлшылық ниетінің қабыл болуын тіледі.

Аталған дайындық курстары 8 дәрістен тұрады. 4 күн бойы  «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов, Әділхан Серікбай және «Төлебай» мешітінің Бас имамы Асхат Сәлимов, «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы Асқар Мұқанов қатарлы имамдар мұсылман қауымының қасиетті парызы – қажылық жайында, оның парыз болу шарттарын, қажылықта атқарылар рәсімдер туралы баяндайтын болады. Сондай-ақ, сауапты сапардағы ұстанатын талап-шарттар мен тыйымдарды һәм қажылықтың қалай өтелуі керектігін үйретеді.

Атап өтейік, елімізден баратын қажыларды Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы отандық әуе тасымалдаушы компаниялар Джидда және Мәдина қалаларына тікелей рейспен жеткізетін болды. 2500 қажының 410-ы елорда әуежайынан аттанады деп күтілуде.

Құрметті, астаналық жамағат, сауапты сапарға аттанғалы отырған қажылар, мағлұматы мол пайдалы дәрістерден қапы қалмаңыздар!

Қосымша мәліметтер үшін байланыс телефондары: 8 778 212 11 61; 8 702 529 99 09

kkurs (1)

kkurs (8)kkurs (6)ummet.kz

Бөлісу: