29
Жұма,
Наурыз

һижри

"Әс-Сәләм" мешіті "Мектепке жол" акциясын өткізді

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «Әс-Сәләм» мешітінде «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы өтті.

Жаңа оқу жылы қарсаңындағы сауапты акцияда тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, 60 оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

as salam (3)

Іс-шараны «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай оқушыларды құттықтау сөзімен бастап, ҚМДБ-ның тапсырмасымен атқарылып жатқан қайырымдылық шараларына тоқталды. «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы балғындарды білім күнімен құттықтап, бас мүфтидің бастамаcымен іске асырылған акцияның маңыздылығын атап өтті. Бас имам өз кезегінде шәкірттерді мешіттен қол үзбей, иман нәрімен сусындап, «Мәңгілік елдің» білімді де, парасатты азаматтары болуға шақырды.

as salam (1)

as salam (4)

ummet.kz

Бөлісу: