26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Нұр Астана» мешітінде лаңкестік әрекеттерден сақтану сабағы өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінде «Лаңкестік әрекеттерден сақтану жолдары» тақырыбында әйелдер жамағатына арнайы сабақ өтілді. Сабақты орталық мешіттің ұстазы, ҚМДБ жалпы жастар ісі әйел қыздар секторының жетекшісі Нұрғалиева Динара Құтқожақызы жүргізді.

Әйел шәкірттерге арналған сабақта ата-аналардың дүниеге әкелген баласына мұсылмандық тәрбие беру керектігін біліп, амалсыз ол қадамға бара алмай отырғаны жайлы айтылды. Және қазіргідей ашық ақпараттық қоғамда лаңкестік әрекеттердің жетегіне еріп кетпей, алдын-ала сақтану жолдары түсіндірілді.

uagiz kizdar (6)

«Дін адамдарға ғаламның жаратылыс сырларын үйретеді. Әрі бұл дүниеде қалай өмір сүріп, қалай жүріп-тұру керектігі жөнінде мәліметтер береді. Адам ақылы жете алмаған кейбір сұрақтарға діннен нақты жауап таба алады. Діни сенім адамдарға көптеген шешімі қиын сауалдар бойынша жол сілтеп отырады. Бүгінде әлем бойынша белгілі бір шекаралар болғанымен, ақпарат кеңістігінде ешбір шекара жоқ. Кез-келген адам қалаған уақытында қалаған ақпаратын табуына жағдай жасалған. Қалың жұрттың көпшілігі оның ішінде жастар көп уақытын ғаламторда, әлеуметтік желілерде өткізеді. Осы орайда, әрбір ата-ана ескеруі керек мына жағдайды айта кеткім келеді. Жастарымыз көп қолданатын «фейсбук», «уатсап», «в контакте» желілерінде жарияланатын барлық ақпараттың жариялану мақсатын түсініп болу мүмкін емес. Көбісі жақсылыққа шақырғандай болып отырып, қиянатқа қылмысқа немес күнәға жетелейтін топтар бар екені жасырын емес. Ашық ақпараттық қоғамның осындай заңын ата-аналар мен тиісті орындар қатаң ескеруі қажет», – деді мешіт ұстазы Динара Құртқожақызы.

uagiz kizdar (3)

Сабақ барысында шәкірттер тарапынан тақырыпқа орай қойылған бірнеше сұрақтарға нақты әрі тұщымды жауап берілді. Айта кетейік, алдағы уақытта «Ланкестік әрекеттерден сақтану жолдары» сабағы «Нұр Астана» орталық мешітінде әйел жамағаты арасында әр апта сайын өтетін болады.

uagiz kizdar (1)

uagiz kizdar (5)

uagiz kizdar (2)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: