19
Жұма,
Сәуір

һижри

"Әс-сәлам" мешіті Құрбан айтта мұқтаждарға 800 кг ет таратты

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана іргесіндегі «Теміржолшылар» елдімекенінде орналасқан «Әс-Сәлам» мешіті Құрбан айт мейрамында бірқатар қайырымдылық шараға ұйытқы болды.

Жергілікті тұрғындар айт мерекесін айрықша қуанышпен қарсы алды. Айт намазынан соң 800-ге жуық жамағатқа айттық ретінде құрма таратылып, мешіттің ардақты ақсақалдарына шапан жабылды. Бас имам Нұрбол Абсаттарұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен шәкірттері осы игі һәм сауапты іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысты.

as salam (4)

as salam (10)

«Әс-Сәлам» мешіті республика деңгейінде қолға алынған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы аясында 150-ден аса отбасыға (мұқтаж, мүгедек, әлеуметтік аз қамтылған) 5 кг-нан құрбандық етін үлестірді.  Жалпы айтқанда, Айт мерекесінде 800 кг-ға тарта ет таратылды. Бұдан кейін Құрбан шалған кісілерге арнап мешітте дастарқан жайылып, жиналған халыққа дәм ұсынылды.

as salam (7)

as salam (8)

as salam (9)

as salam (2)

as salam (6)

ummet.kz

Бөлісу: