28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

"Нұр Астана" орталық мешітінің алқа мүшелері бас қосты

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен «Нұр Астана» орталық мешітіндегі алқа мүшелерінің жиналысы өтті.  

Басқосуға жиналған ақсақалдар ең алдымен жақында дүниеден озған алқа мәжілісінің мүшесі Рақымжан қажы Батырұлының рухына Құран бағыштады. Наиб мүфти Рақымжан қажыны жақсылықпен еске алып, қазаның қайырын тілеп дұға жасады.

Aksakaldar (8)

Алқа мүшелерінің кезекті отырысында қаралған мәселелер мешіттің ішкі тәртіп ережесімен танысуға, сонымен бірге «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 449-бабына сәйкес мешіт ауласында қайыр сұрайтындарды қоғамдық тәртіпке шақыруға бағытталды.

Айта кетейік, 11 адамнан кем емес Алқа мәжілісі мешіттердегі ішкі тәртіпті қадағалап, оның көлеміндегі арыз, дау-жанжалдарды шешуді көздейді. Алқа төрағасы болып имам сайланады. Ал мүшелікке жұртшылық арасында беделді, абыройлы қызмет атқарған, мешіт жұмыстарына белсенді араласып, ислам дініне жанашырлық танытқан азаматтар қабылданады.

Алқа мәжілісінің мүшелігіне енген ақсақалдар қоғамдық мәселелерге үн қосып, бүгінде мұсылмандық парызын өтеп қажы атанған елге сыйлы азаматтар екенін атап өту керек. «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде көпті көрген қариялар бай тәжірибелерімен мешіт жұмыстарындағы кемшін тұстарды байқап, оны түзеуге атсалысып, діни қызметтің өркендеуіне үлес тигізеді деген үміт артты.

Сондай-ақ, бүгін наиб мүфти  көпшілікті «Нұр Астана» орталық мешітінің алқа мүшелігіне қабылданған Ереженбай қажы Төленді мен Борамбай қажы Қауғабаевпен таныстырды.

ҚМДБ Республикалық ислами діни бірлестігі мешіттерінің ішкі тәртіп ережесін зерделеп шыққан соң алқа мүшелері дін саласындағы көкейтесті тақырыптарды қаузап, мешіттер қызметін жақсартуға қатысты ұсыныс-тілектерін білдірді.

Aksakaldar (1)

Aksakaldar (5)

Aksakaldar (6)

Aksakaldar (12)

Aksakaldar (15)

Aksakaldar (17)

Aksakaldar (22)

Aksakaldar (23)

ummet.kz

Бөлісу: