20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Білікті имам - заман талабы

Мешіт тынысы
Жарнама

Деструктивті діни ағымдарды алдын алудың заманауи әдістері. Осы тақырыппен бүгін Астанада елордалық имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен семинарға Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин, Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары Айбек Аташев, «Нұр Астана» орталық мешіті, «Әзірет сұлтан», «С.Ғылмани», «Шейх Кунта қажы», «Әл-Ғани», «Төлебай», «Әс-Сәләм» және «Әлжан Ана» мешіттерінен 20-ға жуық имамдар мен ұстаздар қатысты.  

seminar (9)

seminar (19)

Діни қызметкерлерге арналған «Дерадикализацияның құраушы элементтері мен теологиялық әдістері» дәрісін «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Асқар Сабдин жүргізді.

Семинардың ашылуында сөз бастаған ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы:

– ҚМДБ басымдық беретін негізгі бағыттардың бірі – теріс ағыммен күрес. Бұл үлкен дерт қоғамда белең алса, бәріміздің тыныштығымызды бұзады. Сондықтан біліктілік пен тәжірибемізді барынша жетілдіру арқылы жат ағымдардың алдын алу, қандастарымызды дәстүрлі исламмен ақпараттандыру – Қазақстан мұсылмандары діни басқрмасындағы әрбір қызметкердің міндеті. Осы орайда Астана қаласында бірнеше жобалар жасалды. Соның бірі әдістемелік кеңес болса, екіншісі қаладағы мешіт, медреселер имамдары мен ұстаздарынан құралған арнайы топ. Топтың негізгі жұмысы – декструктивті ағымдардың алдыну алу, радикалдардың ықпалына түскен адамдарды райынан қайтарып, дәстүрлі ислам жолына түсіру. Бүгінгі семинар осы саладағы біліктілікті тереңдете түсу үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл – жамағаттың, барша елдің қамы. Сауапты іске Алла абырой берсін! – деді.

seminar (3)

«Радикализация, дерадикализация саласында жүргеніме 6 жылдан асты. 2011 жылы Қазақстан бойынша «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығы ашылған болатын. Соның басшылығында төрт жыл қызмет еттім. Республика бойынша тізімде тұрған 880 террорист болса, 500-імен кездестім. Бұл тақырыпты егжей-тегжейлі зерттеп келемін. Сіздерге «Радикализация, дерадикализация» ұғымдарын түсіндіру үшін қоғамды үйге теңегім келеді. Кез келген үйдің кәріз жүйесі болатынын білеміз.  Үйдің ең лас жері сол - кәріз құбырлары. Біз – кәріз құбырларын тазалаушылармыз. Қоғамның идеологиялық, діни радикализациясын тазалап жүрген адамбыз. Бұл іске кірісерде ештеңеден қорықпайтын өжеттік керек. Адамның басын кірлеткен себептерді, улануға қарсы қандай вакцина барын табуымыз қажет» деп бастаған «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Асқар Сабдин елордалық имамдарға Дерадикализацияның үш құраушы элементін тарқатып берді.

seminar (13)

 

Оның айтуынша, жат ағымдағы адаммен жұмыс жасамас бұрын ең әуелі оны диагностикадан өткізіп, білімін, деңгейін, дүниетанымын, көзқарасын анықтаған жөн. Сөйтіп барып қай жерінде ақау барын айнытпай тану керек. Өйткені террористер уағызға емес, емге мұқтаж. 

Семинарда дәстүрлі дінді теріске шығаратын пікірлерге қарсы дәйекті аргументтер, дәлелдер келтіруде имамдар ерекше білікті болуы қажет екені айтылды. Әсіресе, жиналғандарды Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңдары мен Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңды бастан-аяқ жете меңгеруге шақырды.

Бас шаһардың бетке ұстар имамдары семинар барысын талқыға салып, белсенді түрде сұрақ-жауапқа атсалысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға салтанатты түрде біліктілікті растайтын сертификаттар табысталды.

seminar (17)

seminar (10)

seminar (21)

Мәдина ЖАҚЫП, ummet.kz

Бөлісу: