23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Астанада рухани әндер фестивалі өтті

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Жібек жолы дауысы - 2017» рухани әндер фестивалі өтті.

Елорда әкімдігінің қолдауымен ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі өткізген бұл шара ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығы, Мәуліт мейрамы мен бас шаһардың 20 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты бағдарламасының идеясын алға қойған фестивальде тәлім-тәрбиесі мол, тағылымды әндер шырқалды.

Атап айтқанда, фестиваль лауреаттары: Құрмаш Маханов, Бейбіт Құшқалиев, Қанатбек Болатбек, Ерген Айтымбетов, Арман Ғабдуллин, Айдар Тұрғанбеков, Сержанәлі Әлібек және Серік Адай сахнада Алланың тоқсан тоғыз есімін ұлықтаған «Керемет есімдер» әнін, «Қош келдің, Алла елшісі!», «Уақыт берші, Алла», «Өмірге келеді адам», «Ақиқат нұры», Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген «Сағыныш», «Мені де жаратты бір Алла» және «Жаралғаныңа қуан» әндерін орындады.

IMG 20171214 WA0023

«Жібек жолы дауысы» фестивалінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Астана қаласының Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы:

-«Біз жат идеологиялардың әсері туралы айтқанда олардың артында басқа халықтардың белгілі бір құндылықтары мен мәдени символдары тұрғанын есте ұстауымыз керек. Тиісінше, оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз» деген еді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласында. Бұл кештің мақсаты да осыған саяды. Есті әндерді насихаттау арқылы ұлт бойында ұлық қасиеттерді қалыптастырып, халық өнері мен дәстүрін өзге ағымдарға қарсы қолдану қашан да тиімді болмақ, - деп, мәнді де мағыналы әндерді тыңдарманға паш етіп жүрген қатысушыларға алғысын білдірді.

IMG 20171214 WA0035

Кеш шымылдығын айтыскер ақын Еркебұлан Қайназаров «Бақыт деген мұсылман болып өмір сүру ұға білсең» жыр термесімен ашып берді. Көрермендер бүгінгі фестивальде Алла елшісіне (с.ғ.с) салауат айтып, адамгершілік, туысқандық қатынас, ауызбіршілік, ар-ұят, имандылық, мейірімділікті ту еткен әндермен сусындады.

jibek joly (20)

«Дінтанушы ретінде айтатыным, қазақтың «ұлттық коды» Исламмен біте қайнаған. Жерімізге Ислам діні келгеннен бастап Тәуелсіздік таңы атқанға дейін ата-бабамыз қазақ халқын рухани өзекпен, ананың ақ сүтімен, «Әлди, әлди» деп Алланың атымен бесік тербетіп, имандылық тәрбиесін беріп өсірді. Кезінде тіпті ақын-жырауларымыз ұлы далаға ән-жыр, терме арқылы Алланың ақ аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) асыл сөздерін осы ұрпаққа жеткізіп кетсе, қазіргі таңдағы өнерпаздар сол үзілген дәстүрді қайта жалғап, еліне есті әндерді жеткізіп, имандылықтың артуына себеп болып жүр» деп ҚМДБ наиб мүфтиі Алау Әділбаев фестивальдің мән-маңызын ерекше атап өтті.

jibek joly (28)

Фестиваль қонақтары ҚМДБ наиб мүфтиі Алау Әділбаев, Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин, «Республикалық радио» ЖШС бас директоры, журналист Мәди Манатбек, танымал ақын Серікзат Дүйсенғазин, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Әбуов, театр және кино актері Нартай Сауданбекұлы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының директоры Жүсіп Рахатұлы «Жібек жолы дауысы - 2017» фестивалінің лауреаттарын марапаттап, барша жиналғандарды осы жылдың еншісіне түскен дүбірлі төрт той – Тәуелсіздік күнімен, Мәуліт мейрамымен, Астананың 20 жылдығы және «Алаш» қозғалысының 100 жылдығымен құттықтады.

jibek joly (2)

jibek joly (8)

jibek joly (14)

jibek joly (41)

jibek joly (51)

jibek joly (37)

IMG 3417 14 12 17 03 38

IMG 3433 14 12 17 03 38

IMG 3425 14 12 17 03 38

jibek joly (43)

jibek joly (55)

IMG 3420 14 12 17 03 38

IMG 3426 14 12 17 03 38

IMG 20171214 WA0036

[gallery ID=4]

Мәдина ЖАҚЫП

Ummet.kz

Бөлісу: