24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Орталық мешіттің бас имамы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесу өткізді

Мешіт тынысы
Жарнама

«Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы  Асқар Мұқанов мешіт жанындағы «Астана медресесі» шәкірттерімен кездесіп, салиқалы сұхбат құрды.

Бас имам пайғамбар (оған Алланың ишілігі мен сәлемі болсын) тағылымын өмірлік өнеге еткен жастарға ғибратты уағыз айтып, дін ілімін игеруде қажет етілетін талап-шарттарды тарқатып берді.

Сондай-ақ, шәкірттермен кездесу кешіне «Астана» медресесі директоры Бекзат Ақжігітов, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Ербол Мәмбетов қатысып, асыл дініміздің көкжиегін кеңейтіп, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттау үшін шәкірттерге жүктелетін міндет пен абыройдың салмағы ауыр екенін айтып, ел мен жерге қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

Медресе шәкірттері өз кезегінде кездесу кешінен алған ақыл-кеңесті білім жолында басшылыққа алатындарын айтып, алғыстарын жеткізді.

Medrese (4)

Medrese (1)

Medrese (5)

Medrese (10)

Medrese (20)

Medrese (11)

Medrese (6)

Medrese (21)

  ummet.kz

Бөлісу: