23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Мұсылман отбасындағы әйел кісінің орны (ФОТО)

Мұсылман отбасындағы әйел кісінің орны (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

26 ақпан. АСТАНА. Ummet.kz. ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының профессоры, Phd докторы Шамшат Амангелдіқызы әйелдер жамағатымен кездесті.

Аталмыш игі шарада Шамшат Әділбаева «Мұсылманның шаңырағындағы жәннаттық шуақтар» атты тақырыбында тағылымы мол лекция оқыды.

Лекция барысында Шамшат ұстаз пайғамбарлар тарихынан отбасылық қатынастарға қатысты мысалдар келтірді. Атап айтсақ, Сүлеймен (ғ.с.), Ибрагим (ғ.с.) пайғамбарлардың отбасындағы қарым-қатынастары жайлы салиқалы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, үмметтің аналары – Хадиша (р.а.), Айша (р.а.) аналарымыздың өмірінен мысалдар келтіріліп, иманды жар, салихалы ана бейнесін ашты. Қазіргі кезеңде иманды отбасындағы әйел затының орны мен бала тәрбиесіндегі мән берілу керек мәселелерге де тоқталып өтті.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

2

3

5

6

7

Бөлісу: