17
Жұма,
Мамыр

һижри

Жемқорлық - сүйекке түскен таңба

Жемқорлық - сүйекке түскен таңба

Мешіт тынысы
Жарнама

15 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы діни бірлестіктердің ролі»  атты конференцияда баяндама жасады.

«Жемқорлыққа Ислам көзқарасы» атты баяндамасында Бас имам қоғамдағы парақорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасу мәселесіне Ислам призмасымен қарап, дініміздің ұсынған шешім жолдарына назар аудартты. Азаматтардың жемқорлыққа бару себептерін діни тұрғыдан талдаған Бас имам : «Біріншіден, Аллаға деген сенімнің әлсіздігінен, Құдайдан қорықпағандығы салдарынан. Атамыз қазақтың: «Құдайдан қорықпағаннан қорық,» - деген сөзі бекер емес. Екіншіден, рызық-несібенің Алла Тағаладан екендігіне сенімнің әлсіздігі немесе оның жоқтығы, үшіншіден, шүкірсіздік себебінен жемқорлыққа барады,» - деп көрсетті.

Конференцияны Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы  және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бірлесе отырып ұйымдастырды. Іс-шара барысында қоғамда жемқорлық көріністеріне жол бермеу тәсілдері, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен басқа Астана қаласы аумағындағы тіркелген барлық діни бірлестіктердің жетекшілері (өкілдері) қатысты.

1

3

4

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: