03
Жұма,
Мамыр

һижри

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Мешіт тынысы
Жарнама

Құрметті қазақстандықтар!

Біз, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер өкілдері, шын жүректен барлық отандастарымызды ұлағатты мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрі бар көктемнің жаңғыру мерекесі, ол жаңа жылдың, жаңа өмірдің, жаңа үміттердің бастамасын бейнелейді.

Елбасымыз атап өткендей, Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні әлемге бірдей адамзаттың ортақ қазынасына айналды.

Осы мерекеде қазақстандықтар ұлтына, тіліне және дініне қарамастан ортақ ізгі ниетпен, бір-біріне игі тілектер тілеуі біз үшін аса маңызды. Бұл халқымыздың әлемнің құдіреттілігін түйсініп, ұлы рухани және адамгершілік құндылықтарға қашанда беріктігінің айқын дәлелі.

Наурыз мейрамының қарсаңында, біз – Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер өкілдері, ауызбіршілік пен үйлесімділікте өмір сүріп отырған көп ұлтты және көп конфессиялы еліміздің халқына, зор денсаулық, ырыс-ынтымық, мейрім мен бақыт тілейміз.

Әлемде, барлық мемлекеттерде және бүкіл Жер шарында Бейбітшілік орнасын!

Қоғамда болашаққа деген сенім мен жоғары руханилық орнасын!

Шаңырағымызда қашанда бақ-береке, жетістіктер болсын, барлық арман-мақсаттарымыз орындалсын!

 

ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ

ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИЫНЫ

Бөлісу: