19
Жұма,
Сәуір

һижри

Астана қаласының мешіттері арасында Наурыз мейрамына орай теңбіл доптан жарыс өтті (ФОТО)

Астана қаласының мешіттері арасында Наурыз мейрамына орай теңбіл доптан жарыс өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

22 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz Бүгін Наурыз мейрамына орай ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті және «Әс Салям» мешітінің бірлесіп ұйымдастыруымен қаладағы мешіттер жамағатының арасында теңбіл доптан жарыс өтті.

Жарыстың ашылу рәсіміне мешіттердің Бас имамдары, ҚМДБ және Астана қаласы әкімдігі өкілдері қатысты. Мини-футбол сайысының ашылуында сөз сөйлеген «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Мұқанов Асқар Ислам дінінің әрқашан салауатты өмір салтын қолдайтынын айтты:

«Хадисте «Алланың алдында қуатты  мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда әлдеқайда сүйкімдірек, дегенмен екеуінде де хайыр бар» делінеді. Пайғамбарымыздың жары, аяулы анамыз Айша (р.а.): «біз Алланың елшісімен (с.ғ.с.) жүгіріп жарысатын едік» деп еске алатын. Пайғамбарымыздың сүннетімен жүретін мұсылмандар спорттың әр түрімен шұғылданып, үнемі денсаулығын күтініп жүреді.»   

3 

Мини-футболдан өткен сайысқа әрқайсысы 5 кісіден құралған жалпы саны 10 топ қатысты. Ал, ойынның бағасын беріп, төрелігін жасауға кәсіби төрешілер шақырылды .

2

Жылда ұйымдастырылып отыратын мини-футбол жарысына қатысушылар ойынның  мейрам күніне нағыз сый болғанын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп жатты. Бойларына қан жүгіріп, делебесі қозған ойыншылар оңайлықпен беріспеді. Дегенмен қызу-қанды тартыстың нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Олар:

Ғылмани мешітінің атынан шыққан «Сарыарқа» тобы -1-орын

Әл Ғани мешітінің атынан «Әл Ғани» тобы - 2-орын

Төлебай мешітінің атынан шыққан «Сұңқар» тобы - 3-орын

Марпаттау рәсімін «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Әбітайұлы Асқар және Қазақстан республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан Азия және Әлем чемпионы  Мерей Ақшалов жүргізді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттары тапсырылды. Ал, бірінші орын иегерлері әдеттегідей кубокты өз қанжығаларына байлады.

 4

6

7

8

9

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: