26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жат ағыммен жұмыс жайы пысықталды

Жат ағыммен жұмыс жайы пысықталды

Мешіт тынысы
Жарнама

28 наурыз. Астана. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінде Елорда мешіттерінің бас имамдарына арналған жиналыс өтті.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы  Асқар қажы Әбітайұлы елордалық бас имамдардың басын қосып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс бірқатар мәселелерді пысықтады. 

Жиналыс күн тәртібінде жат ағыммен күрес мәселесі қаралды. Қаладағы әрбір мешітте атқарылып жатқан жат ағыммен жұмыстың жай-күйімен танысып, бас имамдардың бір айлық есебі тыңдалды.

А. Әбітайұлы жиналыс барысында мешіттердегі жат ағыммен жұмыс  мәселесінің аса жауапкершілікті әрі маңызды екеніне тоқталып, осы бағытта жақсы іс-шаралар жасап жатқан «Нұр Астана», «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Әл-Ғани» мешіттерінің жұмысына ризашылығын білдірді. Басқа мешіттердің де жұмыс жайымен таныса отырып, өзінің ұсыныстарымен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылар іс-шараларға бағыт-бағдар берді.

Өкіл имам жат ағыммен жұмыс мәселесінде білікті мамандарды көптеп тарту, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, сауат ашу курстарын жетілдіру, аталмыш тапсырмалар барысында Елорда мешіттерінің бірлесіп жұмыс жасауы жайында бас имамдарға нақты жүктемелер берді.

Жат ағыммен жұмыс жайы пысықталды

Жат ағыммен жұмыс жайы пысықталды

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: