18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді

Наиб мүфти жұма уағызын жүргізді

Мешіт тынысы
Жарнама

30 наурыз. Астана. Ummet.kz – Наиб мүфти Алау Әділбаев «Нұр Астана» орталық мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде кезекті жұма уағызын өткізді.

Жиналған жамағатқа «Тілдің кесапаты» тақырыбында уағыз айтқан наиб мүфти тіл нығметінің артықшылықтары туралы тоқталып, әрбір мұсылман үшін тілді дұрыс пайдаланудың үлкен жетістікке жеткізетінін, тіпті, Раббымыздың теңдессіз сыйы болған Жәннатқа кіруге себеп болатынын еске салды. «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» дейтін баба танымын еске салған наиб мүфти тілді дұрыс тәрбиелемеудің, тіл нығметін тура мақсатта қолданбаудың қандай дүние-ақыреттік қасіреттерге себеп болатынын айтып, жиналған жамағатты жалған сөйлеу, өсек айту, ғайбат сөйлеу, жала жабу, т.б. тіл кесапаттарынан сақ болуға шақырды.

Жұма уағызының соңында наиб мүфти еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы мен халқымыздың имандылығы үшін дұға жасады.

Осылайша, бүгінгі жұма астаналықтар үшін есте қаларлық насихатпен, «жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарудың» жарқын сәтіне куә болумен өрнектелді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

2

 

Бөлісу: