19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар басталды

«Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар басталды

Мешіт тынысы
Жарнама

23 Сәуір. Астана. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Шариғат және пәтуа" бөлімінің ұйымдастыруымен өңір имамдарына арналған семинар басталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Астана қаласындағы Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығында ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің ұйытқы болуымен өңірлердегі пәтуаға жауапты имамдардың біліктілігін арттыруға арналған «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты семинар өтіп жатыр.

Семинардың алғашқы сағатына ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Есмахан, ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, "Нұр Астана" орталық мешітінің Бас имамы, Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Әбітайұлы,  "Әлжан Ана" мешітінің Бас имамы Қалижан Заңқоев,  ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің мамандары Хасан Аманқұлов пен Медет Құрмашұлы  қатысты.

Ашылу сөзін сөйлеген наиб мүфти пәтуа берудің діни және қоғамдық жауапкершілігіне тоқталып, семинар жұмысының маңызын тілге тиек етті. Сонымен бірге, дін мамандарының пәтуа сұрай келуші адамдармен дұрыс мәміледе болуын, білім мен біліктілікті үнемі арттыру қажеттілігін айта келе  "Пәтуа бөлімі - ҚМДБ-ның жүрегі" екеніне назар аудартты.

Ал, өңірлердегі пәтуаға жауапты имамдардың жауапкершілігі мен діни білімінің маңыздылығына, қоғамдағы түйткілді мәселелердің жауабын табудың, халықтан келген сұрақтарға дұрыс жауап жеткізудің өзектілігі жайында Сансызбай Құрбанұлы жүйелі ой толғады.

Имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру республикалық орталығының директоры Асқар Әбітайұлы орталық атқарып отырған іс-шараның маңыздылығына тоқталып, имамдар семинарына сәттілік тіледі.

"

Семинар туралы ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы былай деді:

- Әрбір өңірде біздің бөлімге қарасты, пәтуаға жауапты имамдар бар. Міне, бұл  имамдарымызға адамдармен дұрыс мәміле жасауды, сұраушының әдебі мен жауап бердің әдебін, жетік жауап беруді үйретіп жатырмыз. Мақсатымыз – бүкіл Қазақстанда бір мәселеге байланысты сұрақ қанша болса да, жауап біреу болуын іске асыру.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы жылды "Ислам және отбасы" жылы деп жариялағанын білесіздер. Баршамызға белгілі, елімізде 35 пайыз отбасы ажырасып жатыр. Осының алдын алу мақсатында ҚМДБ-ның күретамыры болған Пәтуа бөлімі отбасы құндылықтарының сақталуы, отбасына байланысты сұрақтардың жауабының дұрыстығы мен бірізділігін қалыптастыру, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы семинар ұйымдастырып отырмыз,» - деді.

Семинар жұмысы аясында ҚМДБ-ның "Шариғат және пәтуа" бөлімінің басшысы С.Құрбанұлы мен бөлімнің басқа да мамандары өңір имамдарына бес күн бойы дәріс оқиды. Семинар соңында қатысушыларға пәтуа мәселесіне байланысты біліктілігін арттырғаны туралы арнайы сертификаттар табыс етіледі.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

1

2

3

4

5

6

8

9

10

12

11

7

Бөлісу: