19
Жұма,
Сәуір

һижри

Елордада тоғызыншы мешіт ашылды

Елордада тоғызыншы мешіт ашылды

Мешіт тынысы
Жарнама

11 мамыр. Астана.  Ummet.kz – Есілдің оң жағалауында Елордадағы тоғызыншы мешіт ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Ырыскелді қажы» мешітінің Бас имамы болып  бұған дейін Астана қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінде ұзақ жылдар бас имамдық қызмет атқарған Исмаилов Яхия қажы Абдоллаұлы тағайындалды.

Қайырымдылық мақсатпен жиналған қаражат есебінен тұрғызылған мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декоративті элементтер қолданыла отырып, постмодернизм стилінде салынған. Сәулетшілер мешіттің қазақстандық ерекше үлгісін жасап шығуға тырысқан. Ал, мұнараның биігінен қарағанда жаңа мешіт ашылып тұрған гүлге ұқсайды. Әрі алмастың қырларын еске салады.

Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан.

Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол «қалам» – «қасиетті қауырсын» түрінде бой көтерген.

Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді.

Мешіт ғимаратының ауданы – 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы – 1,44 га. Қасиетті жұма күні ашылған мешіт 750 адамға лайықталған.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

4

6

7

8

10

11

12

13

14

20

22

25

Бөлісу: