25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Мешіт тынысы
Жарнама

22 мамыр. Астана. Ummet.kz – Рамазан айына орай қайырымдылық шарасы өткізілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қасиетті айдың құрметіне Астана қаласы «Шейх Кунта қажы» мешітінде қайырымдылық шарасы өткізілді.

Жыл сайын Рамазан айында қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек беру үрдісі – ел мешіттеріндегі дағдылы іс. Рамазандағы қайырымдылық – Елордадағы өкілдікке қарасты мешіттер үшін де үрдіске айналған іс-шаралардың бірі.

«Шейх Кунта қажы» мешітінде көп балалы, толық емес құрамдағы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен қала тұрғындарын, мүмкіндігі шектеулі жандарды қамтыған 20 отбасына азық-түлік таратылды.

Іс-шара аясында мешіт қызметкерлері бас имам Сәбит Ережеповтың жетекшілік етуімен ет, макарон, күріш, қарақұмық, су май, т.б. азық-түліктерді әрбір отбасына жеткізіп берді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 20180520 WA0043

IMG 20180520 WA0045

IMG 20180520 WA0046

Бөлісу: