18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шәкірт аналар Хатым дұғасын жасады

Шәкірт аналар Хатым дұғасын жасады

Мешіт тынысы
Жарнама

4 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – Әйел жамағатына арналған сауат ашу курсының шәкірттері Құран Хатым дұғасын жасады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Рамзан айы – Құран айы. Алла тағала бұл айда адам баласына Құран-кәрімді түсірді: «Рамазан айы – адамдар үшін тура жол көрсететін, жақсылық-жамандықты айыратын дәлел түрінде Құран түсірілген ай» (Бақара, 185). Міне, осыған байланысты, ғалымдар бұл айда әрбір мұсылман Құран Кәріммен дос болуды айрықша тапсырады.

Бұл айда көбірек Құран оқу, қасиетті кітапты бастан-аяқ оқып Хатым жасау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Сондықтан да, мешіт шәкірттері осы айда Құран Хатым жасауды жыл сайынғы үрдіске айналдырған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Әйел-қыздар секторы «Нұр Астана» орталық мешітінің әйел жамағаты, «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен, Рамазан айының тууымен Құран Хатым басталған еді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы, «Жібек» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиеваның бастамасымен курс шәкірттері Құран Кәрімді толық оқып шығып, Хатым дұғасын жасады.

Іс-шараға жиналған шәкірт-аналар еліміздің амандығы, жұртымыздың тыныштығы, халқымыздың береке-бірлігін Алладан сұрап арнайы дұға жасады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Бөлісу: