28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Әйел жамағаты қарттар үйінде ауызашар берді (ФОТО)

Әйел жамағаты қарттар үйінде ауызашар берді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

05 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешітінің әйел жамағаты қарттар үйінде ауызашар ұйымдастырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Игі шараның тізгінін ұстап, мұрындық болған ҚМДБ-ның Насихат жəне қоғаммен байланыс бөлімі Әйел-қыздар секторы, «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан ашылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері. Олар 70 кісіге арнайы дастархан жайса, ал, өздігімен жүре алмайтын 30 кісіге әкелген тағамдарын жеке бөлмелеріне апарып, ризашылықтарын алды.  

Дастархан басында «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Ілияс Отаров Рамазан айының қадір-қасиеті жайында уағыз айтып, Құран оқыды. Ал, клуб мүшесі Камила Жұматайқызы қарттарға әсем әннен шашу шашты. Кеш соңында сөз алған Хасан ата Рамазан айында қарттарға қуаныш пен мейірім сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

9

10

8

11

12

13

Бөлісу: