20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Нұр Астана орталық мешіті Астана қаласының белсенді жастарының басын қосты (ФОТО)

Нұр Астана орталық мешіті Астана қаласының белсенді жастарының басын қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

11 маусым. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ Жастар бөлімі, «Нұр Астана» орталық мешіті жанындағы Жастар бөлімі мен Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп мейірім мен кешірімге толы Рамазан айында Астана қаласының белсенді жастарына арнап ауызашар өткізді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Арнайы ұйымдастырылған ауызашарға Астанa қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ қызметкерлері, «А14», «А35» жобасының қатысушылары және «Қазақстан жастарының конвенті» жеке қоры, «ҚАРСЫ» жастар қоғамдық қозғалысы, Республикалық студенттер қозғалысы «ҚСА», «Астана қаласының Жастар  мәслихаты» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты, «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жасыл ел» Республикалық жастар еңбек жасақтары, «Қазақстан жастары Конгресі» және «Астана қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың  бірлестігі төрағалары және т.б. өкілдері қатысты.

Кеш барысында қонақтармен «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы сөйлесіп, жастарға ұлтжандылық пен Отанға қызмет етуде ауызбіршіліктің маңызы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен бірге, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу жөнінде сөз қозғалды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

1

2

4

3

6

8

9

10

11

12

13

16

18

19

20

21

22

24

25

26

27

 

 

Бөлісу: