28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

«Төлебай» мешіті жазғы сауат ашу курсын тамамдады

«Төлебай» мешіті жазғы сауат ашу курсын тамамдады

Мешіт тынысы
Жарнама

23 маусым. АСТАНА. Ummet.kz - «Төлебай» мешітінің жазғы сауат ашу курсын тамамдаған шәкірттерге сертификаттар табыс етілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдыстыруымен Астана мешіттерінде «Имани жаз-2018» мектеп балаларына арналған жазғы сауат ашу курсы өз деңгейінде өткізілді. 

22-маусым «Төлебай» мешітінде жазғы сауат ашу курсында оқыған мектеп жасындағы шәкірттерге сертификат табыс етілді. 2018 жылдың жазғы сауат ашу курсының аяқталуына байланысты Бас имам Асхат Салимов мектеп оқушыларын құттықтап, жеткіншектерге жақсылықтар тілеп, шәкірттерді білікті маман, жарамды азамат болуға шақырды.  

Іс-шараның соңында мешіт жамағатының атынан Едіге қажы мектеп оқушылардың алдағы өмір жолына сәттілік тілеп, батасын берді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 20180622 WA0045

IMG 20180622 WA0046

IMG 20180622 WA0051

IMG 20180622 WA0044

Бөлісу: