26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Астананың 20 тарихи орны» танымдық қалалық квестіне шақырамыз

«Астананың 20 тарихи орны» танымдық қалалық квестіне шақырамыз

Мешіт тынысы
Жарнама

4 шілде. АСТАНА. Ummet.kz – «Нұр Астана» орталық мешіті Жастар бөлімінің және «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ Астана қалалық филиалының бастамасымен «Астананың 20 тарихи орны» танымдық қалалық квесті өтеді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Аталмыш шара Астана қаласының 20 жылдығына орай жастардың арасында Елордамыздың тарихы және тарихи орындары жөніндегі білімдерін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Квест барысында әр команда берілген құпия тапсырма бойынша Астана қаласының 20 тарихи орнын табуы керек. Шара 5 шілде күні сағат 10:00-де «Ғашықтар саябағында» басталады. Елорданың тарихи орындарын бірге зерделеймін деген әрбір қала тұрғыны қатыса алады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: