28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Астана - ел руханиятының бесігі

Астана - ел руханиятының бесігі

Мешіт тынысы
Жарнама

Қадірлі астаналықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді Астана қаласының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

 Астана қаласы Елорда болғалы 20 жылдан бері қаланың рухани келбетінде көптеген өзгерістер болды. Қысқа ғана уақытта Астана әлемдік рухани бастамалар мен бітімгершілік келісімдердің алаңына айналып үлгерді. Астанада өткізілген халықаралық және өңірлік айтулы іс-шаралар бас қаламыздың халықаралық саяси аренадағы өзіндік қолтаңбасы мен биік мәртебесін әйгіледі деуге болады.

Діни салада да Астанамен байланысты көптеген ауыз толтырып айтатын жетістіктерді атауға болады. Әу баста Ақмола жұртының 1932-жылдан бері пайдаланып келген бір ғана көне мешіті болған еді. 20 жыл ішінде  заманауи үлгідегі, көркі көз тартатын 9 мешіт бой көтерді. Бас шаһарда өткен екі реткі Республикалық Имамдар форумы, Еуразия мұсылман ғұламалары форумының да өңірлік, халықаралық маңызы жоғары іс-шаралардың бірі. Мұнда көтерілген мәселелер аймақтың тыныштығы мен діни алауыздықтың, жат ағымның алдын алуда, экстремизм, терроризмның қаупін сейілтіп, дәстүрлі діни құндылықтарды жаңғыртуда айрықша мәнге ие деуге болады.

Бұл шаралардың бәрі де елдің рухани тынысын кеңейтіп, қоғамға жаңа бір серпін, тың дүниелердің, жаңаша ойлау жүйесінің қалыптасуына өзіндік әсерін тигізді деп айта аламыз. 

Бүгінде Астана қазақ халқының орындалған арманы іспетті. Елорда өзінің қазақы келбетімен, ата дәстүрімізді жаңғыртуымен, әдебиет пен мәдениеттегі жетекшілік рөлімен ұлттық руханияттың ордасы болғанын әйгіледі.

Астана – бүгінде саяси, экономикалық орталық қана емес, ел руханиятының бесігіне айналды.

«Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда -

Еңкеймей кірсем деп едім» деген бабалар арманы орындалып, айбынды Астанамыз әлемдік мегаполистер қатарына қосылды.

Мұқанов Асқар Әбітайұлы

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі,

«Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы

Бөлісу: