19
Жұма,
Сәуір

һижри

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалысайық

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясына атсалысайық

Мешіт тынысы
Жарнама

18 шілде. АСТАНА. Ummet.kz - «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Жыл сайын Астана мешіттері жанашыр азаматтардың қолдауымен 800-ге жуық оқушыны мектепке дайындайды. Қала мешіттеріндегі «Мектепке жол» акциясы биыл «Нұр Астана» орталық мешітінен бастау алды. Дәстүрлі шара аясында былтыр орталық мешітте 200 оқушыға мектеп сөмкесі мен қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.

Басты мақсат әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау көрсету жаңа оқу жылына дайындықтарын бір пысықтап беру.

«Нұр Астана» орталық мешітінің мұрындық болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да тамыз айында жалғасын таппақ. Осыған орай, мешітімізде арнайы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына арналған садақа жәшіктері қойылды.

Хадисте «Алланың Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Садақа Раббының ашуын басады және жаман өлімді қайтарады» (Tирмизи, «Зәкат» 28) делінеді. Мешітіміз бен жомарт азаматтардың арқасында жүзеге асқалы отырған жақсылықтың жаршысы болуды жазсын! Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамызған тамшыдай болған бұл әрекеттердің егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғанын естен шығармайық.

Игілікті іске атсалысқысы келген қайырымды жандар мына нөмірлерге байланысса болады: 8 778 212 1161, 8 775 562 2044 

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: