25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Мешіт тынысы
Жарнама

7 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Өкілдікте Құрбан айт мәселесі пысықталды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалық етуімен өкілдікке қарасты мешіт имамдарына арналған жиналыс өтті.

Жиналыс күн тәртібінде келе жатқан Құрбан айт мерекесіне дайындық жайы пысықталып, мерекелік діни жоралғыларды сауатты түрде жоғары деңгейде өткізу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, қаламыздағы құрбандық шалынатын орындардағы қызмет көрсету сапасын жақсарту, мерекелік шаралар және діни жоралғылар турасында қала тұрғындарын толыққанды, дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Сонымен бірге, қала имамдары мен дін қызметкерлері бас қосқан жиналыста сауат ашу курсының жаңа жылында атқарылар жұмыстар мен жат ағыммен жұмыс мәселесін одан ары жандандыру мәселелері талқыланды.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Бөлісу: